«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің жаныңдағы Ақкөл қаласының балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества города Акколь при отделе  образования по Аккольскому  району управления образования Акмолинской области»  

https://instagram.com/ddt_akkol?igshid=1j8ub1kblb0z3

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласының маңызды сұрақтарына жауап

23.01.2018

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ

ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ

БОЛАШАҚҚА БАҒДАР:

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Мемлекет басшысының

бағдарламалық мақаласының

маңызды сұрақтарына жауап

20

МАЗМҰНЫ

1. Қазақстанның үшінші жаңғыруы нені білдіреді және еліміздің Президенті оны не үшін

жариялады? ......................................................................4

2. Қазақстанның жаңғыруының жаңа циклі не

үшін қажет?.............................................................5

3. Саясатта, экономикада және қоғамдық

санада басталған жаңару процесінің

басты мәні неде? ..................................................7

4. Еліміздің Президенті қоғамдық сананы жаңғыртудың қандай бағыттарын маңызды

деп санайды?.......................................................11

5. Неліктен әрбір қазақстандық бәсекеге

қабілетті болуы тиіс?...........................................12

6. Прагматизм нені білдіреді?.............................12

7. Жаңа жаһандық жағдайдағы ұлттық

біртектіліктің маңыздылығы неде?.....................13

8. Білімнің салтанат құруы неліктен маңызды?...14

9. Қазақстанның сенімді болашағы үшін

неліктен дамудың эволюциялық жолы маңызды? Революциялық радикализмнің

қауіптілігі неде?....................................................15

10. Неліктен сананың ашықтығы болашақта бәсекеге қабілеттіліктің түбегейлі шартына

айналады?............................................................15

11. Қандай қозғаушы күштер сананы

жаңғыртуға мүмкіндік береді?.............................16

12. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің

басымдықтары неде?..........................................17

13. 100 жаңа оқулықты қазақ тіліне аудару

не үшін қажет?......................................................18

14. «Туған жер» бағдарламасы

неге бағытталған?................................................19

15. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы сананы жаңғыртуға

қалай ықпал етеді?..............................................20

16. Қазақстандық мәдениетті әлемдік

деңгейде ілгерілету не үшін маңызды?..............21

17. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» тізімі

не үшін қалыптастырылуда?...............................22

18. Неліктен сананы дәл қазір жаңғырту

маңызды?.............................................................22

19. Президент қандай тарихи мүмкіндік

туралы айтып отыр?............................................24

20. ХХІ ғасырдағы қазақстандықтардың ұлттық санасы қандай платформада дамуы қажет

және неліктен қазақстанның үшінші жаңғыруы

міндеті біздің халқымыздың қолынан келеді?.......25

4

Рухани жаңғыру

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ

НЕНІ БІЛДІРЕДІ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДІҢ

ПРЕЗИДЕНТІ ОНЫ НЕ ҮШІН ЖАРИЯЛАДЫ?

2017 жылдың басынан бастап еліміздің

Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаев біздің мемлекетіміз бен қоғамымыздың

жаңаруының үш процесіне бастау

берді. Бұл конституциялық, сондай-ақ кеңірек

– саяси реформа. Экономиканың жаңғыруы.

Қоғамдық сананың жаңғыруы.

Шын мәнінде, бұл бір-біріне паралелль

жүріп жатқан үш процес Қазақстанның

Үшінші жаңғыруының бастауын білдіреді.

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында

Қазақстанда Н.Ә. Назарбаевтың екі ауқымды

жаңғыруы өтті, соның арқасында еліміздің

жетістіктерге қол жеткізу мүмкіндігі артты.

Еліміздің бірінші жаңғыруы барысында

90-жылдары тоталитарлық мемлекеттендірілген

экономикадан либералдық және

нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.

Екінші жаңғыру кезінде – бар-жоғы 15 жыл

ішінде біз әлемнің кедей елдерінің қатарынан

шығып, орташа дамыған елдердің қатарына

кірдік. Қазақстан 50 бәсекеге қабілетті

5

Рухани жаңғыру

елдің қатарына енді. Біз екі күрделі әлемдік

дағдарысты бастан кешірдік. Әлем бізді қалыптасқан

мемлекет ретінде мойындады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың

Үшінші

жаңғыруы алдымызға жаңа, үлкен

мақсат

қоюда – елімізді жаңа жаһандық

сындар кезеңінде әлемнің дамыған 30 елінің

қатарына ілгерілету.

2. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ

ЖАҢА ЦИКЛІ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Қазақстан өз дамуындағы жаңа тарихи

кезеңге аяқ басты.

2012 жылы «Қазақстан 2030» стратегиясын

мерзімінен бұрын орындағаннан кейін

және әлемнің ТОП 50 бәсекеге қабілетті елінің

қатарына сәтті кіргеннен кейін Президент

Н.Ә. Назарбаев дамудың бұдан әрі жолын –

ХХІ ғасырдың ортасында әлемнің ТОП

30 үздік

елінің қатарына кіруді мақсат

ұстанатын «Қазақстан 2050» стратегиясын

айқындады.

2014-2016 жылдары халықаралық жүйеде

және әлемдік экономикада жүйелі өзгерістер

басталды. Олардың табиғаты мүлде бөлек.

Сол себепті бұл аяқталатын әлемдік дағда6

Рухани жаңғыру

рыс емес, жаңа жаһандық шындық екенін

түсінген аса маңызды.

Әңгіме қазіргі заманғы әлемде бейбіт тәртіптің,

халықаралық қатынастар жүйесінің

өзгеруіне алып келетін жаһандық технологиялық

трансформацияның басталғаны

жөнінде болып отыр.

Жағымсыз сценарийлердің бар екені

де белгілі. Әлемнің 30 дамыған елінің қатарына

біз болашақтың екіұштылығы және

жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің мықты

толқыны арқылы енеміз. Бұл климаттың

жаһандық өзгеруі, терроризм, экстремизм,

бақыланбайтын көші-қон, мультимәдени

қозғалыстар, әлемдік экономиканың тұрақсыздығы,

жаһандық теңсіздік және антогонизм,

еңбек өнімділігінің төмендігі, ұлтшылдық

пен ксенофобияның өршуі, геосаяси

дағдарыс және онымен байланысты сауда

соғыстары, жаһандық популизмнің өсуі.

Тепе-теңдіктен шыққан әлемнің негізгі

жаһандық сын-қатерлерінің шеңбері үнемі

өзгеріп отыратын болады.

Мұндай тұрақсыздық қауіпті – ол дағдарыс

арқылы жаңа тепе-теңдік тудыруы немесе

жүйені сынықтарға бөліп тастауы мүмкін.

7

Рухани жаңғыру

Бұл дегеніміз барлығына жаңғырудың

жаңа циклы мен жаңа жаһандық шындыққа

бейімделу қажет екенін білдіреді.

Жаңғыру ХХІ ғасырдағы басты таңдауға

айналуда.

3. САЯСАТТА, ЭКОНОМИКАДА ЖӘНЕ

ҚОҒАМДЫҚ САНАДА БАСТАЛҒАН

ЖАҢАРУ ПРОЦЕСІНІҢ БАСТЫ МӘНІ НЕДЕ?

Біздің елімізге көптеген әлемдік сын-қатерлерге

тап болуға тура келеді. Президентіміз

Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауларында

жаңа сын-қатерлер туралы үнемі

айтады. Ал айрықша маңыздысы – Мемлекет

басшысы оларды қалай жеңудің жауабын

береді.

• Саяси реформаның мәні – мемлекеттік

басқару тиімділігінің жаңа деңгейіне өту

және мемлекеттің халыққа есеп беруін

арттыру. Негізгі қадамдар: Президент

пен биліктің заң шығарушы тармағы

арасындағы өкілеттіктерді

қайта бөлу,

Үкіметтің, министрлердің және барлық

даңгейдегі әкімдердің жауапкершілігі

мен

есеп беруін арттыру, жаңа тарихи кезеңде

8

Рухани жаңғыру

мемлекеттік шешімдерді әзірлеу мен

қабылдауда азаматтық қоғамның рөлін

күшейту. Бүгінгі күні қажетті заңдар мен

заңнамалық

өзгерістердің толық пакеті

қабылданған.

Мұның барлығы қоғамның

бұдан әрі демократиялануына ықпал етеді.

• Экономиканы жаңғыртудың мәні – елдің

әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін

күшейту үшін дамудың сапалы жаңа технологиялық

деңгейіне көшу. Бізді мынадай

жұмыстар күтіп тұр: экономиканың базалық

салаларын жылдамдатылған технологиялық

қайта жарақтандыру; еңбек өнімділігін

арттыру; экономиканың жаңа сервистік

секторларын құру үшін қайта реттеудің шешімді

реформасы; қарапайым заттардың

экономикасын дамыту; энергетикадағы,

көліктегі, коммуналдық қызметтердегі, жылжымайтын

мүлік нарығындағы, телекоммуникациялардағы,

қала маңы көлік инфрақұрылымын

дамытудағы (осының барлығы

өзіндік құн мен бағаның төмендеуіне алып

келуі тиіс) өндіріс шығындарын төмендету;

денсаулық сақтау және білім беру жүйелеріндегі

әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру

және либералдау арқылы әлеуметтік

9

Рухани жаңғыру

экономиканы дамыту; жұмыспен қамтуды

қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын

құру.

Үкімет қазір бұл бағытта белсене жұмыс

атқаруда.

Өңірлермен, сарапшылармен,

бизнес-

қауымдастықтармен бірлесіп, 2025

жылға

дейінгі дамудың Стратегиялық жоспарын

жылдам әзірлеу басталды.

Осымен қатар, Үкімет 2017-2018 жылдары

қосымша шараларды қабылдау арқылы

экономиканың өсу қарқынын жылдамдату

жөнінде жұмыс жүргізуде. Агро-өнеркәсіптік

кешен, отын-энергетикалық кешен, өңдеу

өнеркәсібі, көлік және логистика, туризм,

бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық

жаңару және экономиканың цифровизациясы

басты назарда.

• Мұның барлығы оңай емес және ауқымды

міндеттер. Оларды шешу үшін өз ойлауымызды

өзгертуіміз, алдыңғы қатарлы

елдердің

деңгейінде өмір сүру жақсы екенін

сезіну қажет, бұл өз санамызды жаңғырту

жағдайында ғана мүмкін болады.

Дәл осы себепті біздің Президентіміз озық

рухани жаңғыруды саяси және экономикалық

жаңғырудың өзегі деп атады.

10

Рухани жаңғыру

Жаһандық сындар жағдайында жаңа құндылықтар

үшін қоғамдық сананың ашықтығы

– бұл таңдау емес, қажеттілік.

Мәселе өзіндік мәдениеттің берік іргетасында

біздің халқымызға дамыған мемлекеттердің

қатарына кіру жолын сеніммен жалғастыруға

мүмкіндік беретін үздік салт-дәстүрлер

мен жаңа құндылықтарды дамыту

туралы болып отыр.

Мұның мәні қазір әлемде қалыптасып

жатқан түбегейлі жаңа жағдайлар мен жаңа

шындыққа бейімделуде. Дамып жатқан елді

дамыған елге айналдыра салатын оңай тәсіл

жоқ.

Тәжірибені жай ғана көшіріп алу жаңғыруға

әкелмейді. Оған деген жол өзіндік даму

арқылы ғана, бұл өз кезегінде сананы жаңғырту

арқылы мүмкін.

Сол себепті сананы жаңғырту біздің жалпыұлттық

күн тәртібіміздегі нөмірі бірінші

мәселеге айналуда.

Адам – кез келген өзгерістердің орталық

және таптырмайтын факторы. Біздің ақылымызда

– түсіністік, жүрегімізде – қолдау,

жан дүниемізде – қоса абыржу кездескен

жағдайда ғана реформалар қисынды.

11

Рухани жаңғыру

Қоғам алдында аса күрделі міндет тұр:

адамзат дамуының бүкіләлемдік тарихи

спиралі бойынша бұдан әрі шарықтау үшін

өзімізді өзгерту.

Бұл үшін біздің дәстүрлеріміз бен мәдениетіміздің

нарықтық қағидалар мен жаһандық

экономикадағы алдыңғы қатарлы технологиялармен

синтезі қажет. Бұл ХХІ ғасыр-

сырдағы

Қазақстан халқы үшін басты сын-

қатер мен басты міндет.

4. ЕЛІМІЗДІҢ ПРЕЗИДЕНТІ ҚОҒАМДЫҚ

САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҚАНДАЙ

БАҒЫТТАРЫН МАҢЫЗДЫ ДЕП

САНАЙДЫ?

Мемлекет басшысы ең алдымен жастарда

болашақ қазақстандықтың мынандай

қасиеттерін тәрбиелеу туралы айтады:

– Компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін

білу және мәдени ашықтық арқылы бәсекеге

қабілеттілік.

– Прагматизм және рационализм.

– Ұлттық және мәдени бірегейлікті сақтау.

– Білім мен білім берудің салтанат құруы.

12

Рухани жаңғыру

– Дамудың революциялық емес эволюциялық

жолын ұстану.

– Сананың ашықтығы.

Бұл жастар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудің

таяу 10-20 жылдағы практикалық

бағдарлары.

5. НЕЛІКТЕН ӘРБІР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУЫ ТИІС?

Жаһандық бәсеке барған сайын қатаң

бола түсуде. Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі

әрбір адамның бәсекеге қабілеттілігінен

басталады. Бұл фактор қазір минералдық

ресурстардың болуынан маңыздырақ бола

түсуде.

Қазіргі заманғы, ашық әлемде әрбір адам

еңбек нарығындағы, әртүрлі салалардағы

бәсекеге дайын болуға тиіс. Тұлғалық және

кәсіби қасиеттерді дамыту табыстың жалғыз

факторына айналуда.

6. ПРАГМАТИЗМ НЕНІ БІЛДІРЕДІ?

Прагматизм, біріншіден, бұл айқын өмірлік

мақсаттар мен уәждердің болуы. Екіншіден,

13

Рухани жаңғыру

бұл осы мақсаттарға қол жеткізу үшін ресурстарды

сауатты басқару. Прагматизм ақылсыз

ысыраптар мен мағынасыз әрекеттер-

ді болдырмайды. Ол өзінің денсаулығына,

біліміне, өзін-өзі дамытуға салымды көздейді.

Үшіншіден, прагматизм заттарға шынайы

өмірлік көзқарасты көздейді, бұл адамды

популизмнен және радикалдық идеологиядан

еркін етуге мүмкіндік береді. Өмірге

прагматикалық көзқарас – бұл әлеуметтік

ауруларға қарсы егу.

Реализм қате жібермеуге, ал прагматизм –

нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

7. ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ

ҰЛТТЫҚ БІРТЕКТІЛІКТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

НЕДЕ?

Ұлттық бірегейлікті сақтау жаһандық мінез-

құлық дәстүрлерінде басқаға сіңіп жоғалып

кетпеу үшін принципті түрде маңызды.

Дамудың барлық сәтті мысалдары әмбебап

әлемдік тәжірибе мен өз дәстүрлерінің

үйлестірілуіне негізделген.

Сонымен қатар ұлттық бірегейлікті, рухани

мәдениет байлығын бұған қатысы бар көне

14

Рухани жаңғыру

стереотиптерден және көзқарастардан бөліп

алған жөн.

8. БІЛІМНІҢ САЛТАНАТ ҚҰРУЫ НЕЛІКТЕН

МАҢЫЗДЫ?

Технологиялық және экономикалық өзгерістер

таяу болашақта әдеттегі өмір салтын

өзгертетін болады. Тұтастай салалар нарықтағы

қажеттілігін жоғалтады, жойылатын

кәсіптер

тізбесі кеңейе түседі. Мұндай жағдайда

тығырықтан шығудың жалғыз жолы

қызмет

саласын ауыстыру болып табылады.

Бұл жаңа дағдылар мен шеберлікті жылдам

игеруге, жаңа талаптарға бейімделуге қабілетті

жоғары білімді адамға оңай.

Білімнің салтанат құруы білімді жинауды

ғана емес, сонымен бірге өз бетінше білім

алу мен өзін-өзі дамытуға қабілетін дамытуды

білдіреді. Бұл тіпті ең белгісіз жағдайларда

да келешегін сақтауға мүмкіндік береді.

15

Рухани жаңғыру

9. ҚАЗАҚСТАННЫҢ СЕНІМДІ

БОЛАШАҒЫ ҮШІН НЕЛІКТЕН ДАМУДЫҢ

ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЖОЛЫ МАҢЫЗДЫ?

РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ РАДИКАЛИЗМНІҢ

ҚАУІПТІЛІГІ НЕДЕ?

Әлемдік тәжірибе революциялардың

барлығы сілкіністермен және апаттармен

қатар жүретінін, бірақ бұл ретте орасан

шығындарға

қарамастан күткен нәтижеге

әкелмейтінін көрсетіп отыр. Әлемдік тәжірибе

де, өз тарихи тәжірибеміз де осыны

көрсетеді. Революция прогресс сияқты

көрінгенімен, іс жүзінде ұлтты артқа лақтырады.

Эволюция жүйелі дамуды білдіреді. Бұл

өзгерістерді қоғамның талап ететінін, және

қоғамның оған дайын екенін білдіреді.

10. НЕЛІКТЕН САНАНЫҢ АШЫҚТЫҒЫ

БОЛАШАҚТА БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ

ТҮБЕГЕЙЛІ ШАРТЫНА АЙНАЛАДЫ?

Басқа елдер сияқты Қазақстан әлемдік

қоғамдастыққа берік интеграцияланған. Біздің

экономикамыз жаһандық нарықтардың

ажырамас бір бөлігіне айналды. Біздегі

16

Рухани жаңғыру

болып жатқан барлық процестер қалай болғанда

да «үлкен әлеммен» байланысты.

Мұны түсіну сананың ашықтығын білдіреді.

Өзін «үлкен әлемнің» бір бөлігі ретінде

сезіне отырып қана еліміз басқалардан гөрі

неғұрлым құнды нәрселерді жалғастыруға

көңіл бөледі және тиісінше өз орнын иеленеді.

Қоғамдық сана жаһандық ынтымақтастық

үшін ашық болуға тиіс, себебі әлемдік

даму шексіз мүмкіндіктерге, капиталға, идеялар

мен ресурстарға ие. Оларды өзіміздің

дамуымыз және еліміздің көркеюі үшін дұрыс

пайдалану қажет.

11. ҚАНДАЙ ҚОЗҒАУШЫ КҮШТЕР САНАНЫ

ЖАҢҒЫРТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ?

Мемлекет басшысы таяу жылдарда күн

тәртібінде болатын алты нақты жобаны

белгілеп берді. Оларды іске асырудың басталуы

жаңғыру процесін іске қосады. Қоғамдық

сананы жаңғырту «локомотивтерінің» қатарында

мыналар тұр:

– қазақ тілін латын қарпіне кезең-кезеңімен

көшіру жобасы;

17

Рухани жаңғыру

– «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі

100 жаңа оқулық» жобасы;

– «Туған жер» жобасы;

– «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

» жобасы;

– «Жаһандағы заманауи қазақстандық

мәдениет» жобасы;

– «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы.

12. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ

КӨШУІНІҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ НЕДЕ?

Бұл қазіргі заманғы ғылыми-білім беру

технологиялық

және іскерлік кеңістікке интеграциялануды

оңайлатады. Ең бастысы –

мемлекеттік тілді жаңғыртуға серпін береді.

Біріншіден, латын әліпбиін пайдаланатын

ағылшын тілі мен басқа да әлемдік тілдерді

оқып-үйренуді жеңілдетеді.

Екіншіден, тіл иелерінің санасын жаңғырту

үшін маңызды парадигмалық ілгерілеудің

бір бөлігіне айналады.

Үшіншіден, бұл заманауи әлемдік мәдениетке

іліктіреді. Кезінде түрік тілі мен басқа

тілдерде де осылай болған.

Латын қарпіне көшу біртіндеп жүргізілетін

болады. Президент осыдан бес жыл бұрын

18

Рухани жаңғыру

өзінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясында

көрсеткендей – бұл процесс 2025 жылға

дейін созылады.

13. 100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ

АУДАРУ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

Жас қазақстандықтар қазақ бірегейлігіне

негізделе отырып жаңа өркениеттік

трансформацияға

жеңіл бейімделуі үшін

әлемдік

нарықта неғұрлым бәсекеге қабілетті

болуға тиіс. Сондықтан ел Президенті

қазақстандықтардың әлемнің үздік оқу

материалдарына тікелей қолжетімдігін

қамтамасыз етуді ұсынып отыр.

Мақсат – студенттерді әлемдік гуманитарлық

біліммен қамтамасыз ету.

Әлемдік гуманитарлық, қоғамдық-саяси,

философиялық және мәдениеттанулық

ойлардың көрнекті заманауи авторларының

туындылары түпнұсқа тілден қазақ тіліне

аударылатын болады.

Сол арқылы қазақ тілі одан әрі дамуына

күшті серпін алып, жаңа сөздермен және

мағыналармен байи түсетін болады.

Бұған қоса, білім берудің жаңа сапалық

деңгейіне көшудің негізі қаланады. Отандық

19

Рухани жаңғыру

студенттер жетекші шетелдік жоғары оқу

орындарындағыдай әдебиеттермен білім

алатын болады.

Осы жобаның ортасында болатын Ұлттық

аударма бюросын құру аудармашылар

мектебін дамытудың зор ынталандырушысы

болады.

14. «ТУҒАН ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГЕ

БАҒЫТТАЛҒАН?

Бұл жобаның бірнеше құраушысы бар.

Біріншіден, туған өлкені тану және кіші отанға

нақты көмек көрсету арқылы шынайы патриотизмді

тәрбиелеу.

Екіншіден, жауапты әлеуметтік іс-қимыл

арқылы елде қайырымдылық мәдениетін

және оны мемлекеттің қолдауын дамыту.

Үшіншіден, ғылыми, білім беру және инфрақұрылымдық

қолдау – тарихты, географияны,

туған өлке объектілерін зерттеу, оны

абаттандыру.

Жалпы мұның барлығы практикалық іс-

қимыл арқылы кіші отанға деген сүйіспеншілік

пен құрмет танытуды көздейді. Өзінің

түп тамырын, өз халқының салт-дәстүрлері

20

Рухани жаңғыру

мен мәдениетін ұмытпау, өз өлкесінің тарихын

және одан кең алғанда өз елінің тарихын

білу маңызды.

15. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІНІҢ

ГЕОГРАФИЯСЫ» ЖОБАСЫ САНАНЫ

ЖАҢҒЫРТУҒА ҚАЛАЙ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ?

Сананы жаңғырту жұмысы мәдени жадқа,

символикалық, киелі және мәдени-тарихи

заттарға негізделуі тиіс.

Киелі жерлер немесе рухани қасиетті

орындар – халықтың рухани дәстүрінің тірегі.

Қазақстанда мұндай орындар көп, олардың

кейбіреулері әлемдік деңгейдегі жауһарлар

болып табылады.

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы

» жобасы ұлттық нышандарды, қазақстандық

ұлттық бірегейліктің каркасын

анықтауға мүмкіндік береді.

Бұған қоса, «киелі белдеудің» объектілері

туризм индустриясы үшін өрлеу нүктесіне

айналады.

21

Рухани жаңғыру

16. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТТІ

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ІЛГЕРІЛЕТУ НЕ ҮШІН

МАҢЫЗДЫ?

Ел Президенті бастама көтерген тағы

бір маңызды жоба заманауи қазақстандық

мәдениетті жаһандық әлемге таныстыру

үшін әдебиет, гуманитарлық ғылым саласындағы

қазақстандық заманауи қайраткерлердің

үздік туындыларын, суретшілердің,

музыканттардың, скульпторлардың

шығармашылық жұмыстарын – заманауи

әлемде біздің мәдениетімізді таныстыра

алатынның барлығын әлемдік алты

тілдің барлығына аудару және ілгерілетудің

арнайы әдістері арқылы жағдай жасау.

Бұл еліміздің шығармашыл зиялы қауымы

үшін орасан мүмкіндіктер ашады. Үкімет тарапынан

қажетті қолдау көрсетілетін болады.

Мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігі жалпы

қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттіліктің маңызды

құраушысы болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздік жылдары үлкен

мәдени әлеует жинақтады. Оны шетелде

ілгерілету біздің еліміздің танымалдығы

табиғи ресурстарымен және сыртқы саяси

22

Рухани жаңғыру

бастамаларымен ғана шектелмейтінін көрсетеді.

Заманауи қазақстандық мәдениетті

жаһандық деңгейде тарату оған деген

қызығушылықты ел ішінде де арттырады.

17. «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»

ТІЗІМІ НЕ ҮШІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУДА?

Қоғам ұлттың «алтын» қорын құрайтындарды,

Тәуелсіздік жылдарында табысқа

жеткен және қалыптасқан адамдарды білуге

тиіс.

Жобаның мағынасы бизнестегі, спорттағы,

мәдениеттегі, медицинадағы, білім берудегі,

ғылымдағы, жұмысшы кәсіптеріндегі

және т.б. саладағы отандастарымыздың өмір

жолын білуде, Тәуелсіздік тарихы солардан

құралады.

18. НЕЛІКТЕН САНАНЫ ДӘЛ ҚАЗІР

ЖАҢҒЫРТУ МАҢЫЗДЫ?

Заманауи әлем нақ біздің уақытымызда

жаңа тарихи циклді бастап отыр. Бұл бір

мезгілде жаңа сын-қатерлерді және айрықша

«мүмкіндіктер терезесін» білдіреді.

23

Рухани жаңғыру

Жаңа жағдайларға басқалардан бұрын

бейімделген елдер көшбасында болады.

Сананың бұрынғы ұстанымдар мен ойлаудың

стереотиптеріне жабысқандар артта

қалып қояды.

Жаңа жаһандық нақты ахуал баршаға

есік қақпай және рұқсатсыз енді – сондықтан

жаңғыру міндеттері бүгінгі таңда барлық

әлемдік қоғамдастықтың алдында тұрған

міндет.

Шығыс пен Батыс, Солтүстік пен Оңтүстік,

үлкен, орташа және шағын мемлекеттер,

дамығандар

мен дамушылар – жаһандық

әлемнің барлық субъектілері қандай да бір

дәрежеде жаңаруға мұқтаж.

Көшбасшылық үшін өрістеген әлемдік додада

ертең деген ұғым жоқ – «бүгін» деген

түсінік бар. Болашақ әлі алда. Сондықтан

оны бүгін қалыптастыруды бастағандар –

дамудың әлемдік чемпиондары қатарында

болады. Бүгін белгілі дамыған 30 елдің тізімі

сөзсіз өзгереді, оған жаңа қатысушылар

енеді. Және бұл қиындықтар мен сын-

қатерлерге қарамастан Ұлтқа жаңа әлемнің

көшбасшылары қатарына кіруге шынайы

мүмкіндік береді.

24

Рухани жаңғыру

19. ПРЕЗИДЕНТ ҚАНДАЙ ТАРИХИ

МҮМКІНДІК ТУРАЛЫ АЙТЫП ОТЫР?

Біздің мүмкіндігіміз – жаңарудан өту үшін

тарихи сәтті пайдалану мүмкіндігі. Біз өзіміз

оқшау қала алмаймыз, уақыт сын-қатерінен

жасырына алмаймыз. Мұндай саясат тек

елді әлсіретеді. Уақытқа лайықты жауап табу

және қайтару қажет.

ХХІ ғасыр – жаһандық бәсекелестік ғасыры.

Тарих бізді тағы да беріктікке сынайды.

Дамуда қалып қоймау үшін Қазақстанның

үшінші жаңғыруының «тік» өлшемін – заманауи

адамды қалыптастыруды – өзіндік

сананы жаңғыртуды мақсат тұтуымыз қажет.

Мақсат тым жоғары: ІІІ мыңжылдық әлеміне

– Болашақтың әлеміне тең дәрежеде

ену.

Әзірге ешкім табыстың дәл рецептерін

білмейді – қысқа мерзімде бұл барлық мемлекеттер

үшін тең мүмкіндіктер береді. Бәрі

өз қолымызда.

25

Рухани жаңғыру

20. ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ

САНАСЫ ҚАНДАЙ ПЛАТФОРМАДА

ДАМУЫ ҚАЖЕТ ЖӘНЕ НЕЛІКТЕН

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮШІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ

МІНДЕТІ БІЗДІҢ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ

ҚОЛЫНАН КЕЛЕДІ?

Қазақстанның үшінші жаңғыруын сәтті

жүргізу үшін Тәуелсіздік жылдарында барлық

қажетті жағдайлар жасалды.

Біріншіден, біздің бай жаңғыру тәжірибеміз

бар. Егеменді дамудың 25 жылы ішіндегі

біздің барлық жетістіктеріміз, құндылықтарымыз

бен идеалдарымыз алға жылжу

үшін тірек, күш және қуат береді.

Тәуелсіздік ала салысымен біз жас мемлекетіміздің

алдында жоқ жерден ырықтандыру

принциптеріне негізделген жаңа экономика

құру міндеті тұрды. Екі іргелі апаттың –

ядролық сынақтар мен жойылып бара

жатқан

Аралдың салдарларын жою керек

болды. Елдің тұрғындарын жаңа жалпыазаматтық

бірегейлік шеңберінде біріктіру

керек болды. Тоталитарлық идеологияның

күйреп, экономика қираған жағдайда

26

Рухани жаңғыру

адамдарға үміт отын сыйлау қажет болды.

Бұл егеменді қазақстандық тарихтың ең бір

осал тұсы болатын, барлығынан оп-оңай

басы бүтін ажырап қалу мүмкін еді.

Бірақ сол тағдырлы кезеңде біз үшін ең

басты және ең қиын сынақ өз санамызды –

құндылықтарымызды, әдеттерімізді, көзқарастарымызды

өзгерту болды.

Басым бөлігі болмаса да көпшілігі бұған

дайын емес еді. Мұны 90-шы жылдардың

бірінші жартысындағы екі парламенттік дағдарыс

көрсетіп берді.

Сол кезде Президент Н.Назарбаев Қазақстанның

Бірінші жаңғыруы үшін бар

жауапкершілікті

өзіне алды. Екі жыл ішінде

нарықтық құқықты ғана емес, нарықтық сананы

да қалыптастыруға бағытталған заң

күші бар жүздеген президенттік жарлықтарға

қол қойды. Адамдардың ойлау салтының

дәл осы өзгерістері ең алдымен алдағы

жылдардағы елдің экономикалық дамуының

сәтті болуын қамтамасыз етті. Ұлт жаңа

ментальды серпілісті Қазақстанның екінші

жаңғыруы тұсында жасады, мерзімінен

бұрын, бар болғаны 15 жылдың ішінде «үшінші

әлемнің» кедей елдері қатарынан 50

бәсекеге қабілетті экономика қатарына кірді.

27

Рухани жаңғыру

Біздің реформаларымыз Қазақстанды

өңірлік державалар қатарына қосты. Тәуелсіздіктің

25 жылы ішінде ІЖӨ және халықтың

кіріс деңгейі 15 еседен артық өсті.

(Егер 1993 жылы халықтың жан басына

шаққандағы ІЖӨ 696,2 АҚШ доллары болса,

2015 жылы бұл көрсеткіш 15 еседен артық

өсіп, 10478,2 мың АҚШ долларын құрады).

Егер 1996 жылы халықтың 35% кедей

болса, бүгінде бұл сан 12 еседен астам төмендеді

(2,5%).

Біздің экономикамыз айтарлықтай күшті

және Қазақстан – төрт жаһандық дағдарыс

сынынан өткен қалыптасқан мемлекет

(КСРО тарауы, 1998 жылғы Азия дағдарысы,

2007-2010 жылдардағы Әлемдік

қаржы дағдарысы, 2014-2016 жылдардағы

Әлемдік дағдарыс және жаңа нақты ахуал).

Екіншіден, біз дамыған адами капиталы

бар әлеуметтік бағдарлы мемлекет құрдық.

Бұл биліктің Тәуелсіздік жылдарындағы

принципті ұстанымы болды.

Әрбір қазақстандық үшін «білімді ұлт» –

бос сөз емес. Біз білім деңгейі мен ғылыми-

зияткерлік әлеуетін арттырумен жүйелі түрде

жұмыс істедік. Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам

28

Рухани жаңғыру

жалпы білім беретін мектепте 3 млн.-дай

оқушы білім алуда. Жастар президенттік «Болашақ

» бағдарламасы бойынша шетелдік

үздік жоғары оқу орындарында білім алуда.

Және бұл бүгінгі таңда елімізге жұмыс істеп

жатқан мыңдаған стипендиат-мамандар.

(11000 стпенидия, 8000 маман даярланды).

Назарбаев зияткерлік мектептерінің жалпыұлттық

желісі мен Назарбаев университеті

жаңа білім беру саясатының перспективалық

модельдерінің флагманына айналды.

Біз денсаулық сақтау инфрақұрылымын

ең озық технологиялар мен үлгілер бойынша

құрдық. Бүгінгі таңда елімізде 3 мыңдай

медициналық мекеме жұмыс істейді, оның

жартысындайы (1300) Тәуелсіздік жылдарында

құрылған. Ұлттық телемедицина

желісі құрылды, ол 140 мыңнан астам теле-

және бейнеконсультация өткізді. Нәтижесінде

25 жыл ішінде құазақстандықтардың орташа

өмір сүру ұзақтығын шамамен 5 жылға

арттыруға қол жеткізілді (егер 1991 жылы

ол 67 жастан сәл асса, 2016 жылы – 72 жас

болды). Ал туу деңгейі 60%-ға өсті.

Мәдениет рухани құндылықтар мен Ұлттың

бірегейлігін нығайта отырып, біздің

29

Рухани жаңғыру

өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. 25 жыл

ішінде біз ұлттық мәдени ескерткіштерді

қайта жаңғырттық. Ал бұл халықаралық және

жалпыұлттық маңызға ие 11 мыңнан астам

объекті.

Қазіргі заманғы қазақстандықтардың өмір

салтын еркін медиалық және телекоммуникациялық

нарықсыз елестету мүмкін емес.

Баспасөзді. телеарналарды, интернет-ресурстарды

қоса алғандағы мыңдаған түрлі

жанрлық БАҚ кез келген қызықтыратын

және өзекті ақпаратты қолжетімді етеді.

Миллиондаған

қазақстандықтар цифрлық

технологияны

пайдаланды. «Электрондық

үкімет» жоқ жерден құрылып, өріс алып

келеді, соның арқасында халық 800-дей электрондық

қызмет көрсетуді пайдаланады.

БҰҰ рейтингі бойынша Қазақстан

e-goverment дамуы деңгейі бойынша

алдыңғы қатарлы елдердің ішінде. Осы

үлкен кешенді мемлекеттік жұмыстың

нәтижесі барлық салаларда – білім беруде,

денсаулық сақтауда, этносаралық

қатынастарда,

халыққа қызмет көрсетуде,

мәдениетте,

сондай-ақ медиа-салада заманауи

әлеуметтік инфрақұрылымның

құрылуы болды.

30

Рухани жаңғыру

Үшіншіден, Үшінші жаңғырудың тірегі

мен іргетасы өзіміздің Егемен қазақстандық

жолымыздың

құндылықтары мен идеалдары

болуға тиіс. Бұл: азаматтық татулық

пен келісім, барлық азаматтардың теңдігі,

мемлекеттің,

қоғамның, әрбір азаматтың

қауіпсіздігі. Орта таптың құндылықтары: ішкі

еркіндік, білім, еңбексүйгіштік, молшылық,

болашаққа ұмтылу.

Қазақстан Тәуелсіздігі дәуірінің жетістіктері

– біздің жолымыздың ХХІ ғасырдағы

жалғасының

негізі осы.

______________

Просмотров: 509

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст