Текст
1989 жылдың 15 ақпанында Ауғаныстаннан соңғы Кеңес әскері шығып кетті. Бүгін бұл барлық қаза болған интернационалист-жауынгерлер туралы қайғы-қасірет пен еске алу күні және Ауған-ардагерлер мерекесі.
Ауған соғысында Кеңес әскері 15 мыңнан астам адам жоғалтты, 53 мыңнан астам адам түрлі жарақат алды. 1979 жылдан 1989 жылға дейін Қазақстаннан Ауғанстанға 21 239 адам жіберілді (947 адам қаза тапты, 1 770 адам жарақат алды).
2020 жылдың 14 ақпанында аудандық кітапхана, "Балалар шығармашылық үйі" МКҚК және "Жастар-ресурстық орталығы" КММ бірлесіп Ауғанстаннан әскерді шығару күніне арналған бард әндерінің фестивалін өткізді.